Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокста алғашқы айқасын өткізді

Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокста алғашқы айқасын өткізді
Фото: ©instagram.com/safronovamilana1/

Қазақстандық боксшы Милана Сафронова (1-0) кәсіби мансабындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

34 жастағы Милана Сафронованың қарсыласы 40 жастағы түркиялық Гүлсүм Татар (4-2, 2 КО) болды. Жекпе-жек Түркияның Ыстамбұл қаласында IBA.PRO 7 турнирі аясында өтіп, қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Төрешілер жеңісті бірауыздан Миланаға берді. 

Айта кетейік, бесінші раундта Сафронова қарсыласын нокдаунға түсірді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Еске салайық, Милана Сафронова 2024 жылы желтоқсанда Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында қола алған еді. Ал 2021 жылғы құрлықтық біріншілікте алтын жүлдеге ие болған. Сонымен қатар, 2018, 2019 және 2020 жылдары Сафронова Қазақстан чемпионы атанған.

2019 жылы ол Улан-Удэде өткен әлем чемпионаты мен Бангкоктағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget