Қазақстандық боксшы жекпе-жекке бір күн қалғанда жарақат алып қалды

Қазақстандық боксшы жекпе-жекке бір күн қалғанда жарақат алып қалды
Фото: The Heavyweight Factory

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын кәсіпқой боксшы Иван Дычко (14-0, 13 КО) 27 желтоқсанда шаршы алаңға шықпайтын болды. Отандасымыз жаттығу кезінде жарақат алып қалды, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

Иван Дычко ертең Алматыда өтетін бокс кешінде ресейлік Виталий Кудуховпен жұдырықтасуы керек болған. Алайда бүгін жаттығу кезінде иығынан жарақат алып қалғаны белгілі болды. 

Ұйымдастырушылар бұл жекпе-жектің кейінге шегерілгенін жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ALL STARS BOXING (@all.stars.boxing.kz)

Айта кетейік, Дычко кейінгі айқасын тамыз айында АҚШ-та өткізіп, жергілікті боксшы Крейг Льюисті (15-8-1, 8 КО) нокаутқа түсірген болатын. Ал әуесқой бокста Иван Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанған өзбек Баходир Жалоловты төрт рет жеңген қазақстандық жалғыз боксшы.

О. Сансызбай
Logotype Massaget