Индонезия астанасы Джакартада U19 және U23 санатындағы Азия чемпионатының бесінші жарыс күні басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.
U19 санаты бойынша 48 келідегі Мадира Жұмақан ширек финалда Зи Хонг Иен Нгуенмен (Вьетнам) жұдырықтасты.
Алғашқы екі раундта жекпе-жек өте тартысты өткенімен, шешуші үш минутта отандасымыз айқын басымдық танытып, қарсыласын нокдаунға жіберді. Төреші де Мадира Жұмақанның басымдығын байқап, кездесуді тоқтатты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!