Қазақстандық биатлоншылар күміс жəне қола медаль жеңіп алды

Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына бір күміс, бір қола медаль түсті. 

Биатлоннан 15 шақырымдық масс-старт жарысында қазақстандық спортшылар Роман Еремин - күміс, Антон Пантов қола жүлдегер атанды. Жарыстың алтын жүлдесін француз спортшысы Жоути Баптиста жеңіп алды.