“Қазақстандық балуандар Азия чемпионатына дайындықты бастап кетті“ - бас бапкер

Қазақстан құрамасы әйелдер күресінен Албанияда өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетіп, енді Азия чемпионатына дайындықты бастап кетті. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Нұрсұлтан Теміров Olympic.kz сайтына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, осы жарысқа дейін екі оқу-жаттығу жиыны жоспарланған.

"Алғашқы жиын Ыстықкөлде өтеді. Ол жерде негізінен жалпы дене дайындығына басымдық беріледі. Екінші кезең Бішкек қаласында ұйымдастырылады. Бұл бірлескен оқу-жаттығу жиыны ретінде өтеді. Оған Қырғызстан, Қазақстан және Корея құрамаларының спортшылары қатысады", - деді бапкер.

Айта кетейік, Азия чемпионатынан кейін Қазақстан кубогы өтеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз