Зейнеп Баянова мен Нилуфар Раимова күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
57 келіге дейінгі салмақта белдесіп жатқан Нилуфар Раимова жартылай финалда жапон қызы Сэна Нагамотомен кездесті. Тәжрибелі қарсыласы 11:0 есебімен басым түсіп кетті.
50 келіге дейінгі салмақта Зейнеп Баянова болса жартылай финалда үнді қызы Нилам Ниламға жол беріп алды. Нәтижесінде қола жүлдеге таласатын болады.
Қола жүлде үшін белдесулер ертең (28 қазан) өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали (60 келі) мен Исхар Курбаев (55 келі) қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай