Қазақстандық балуан қыз Ресейдегі халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстандық балуан қыз Ресейдегі халықаралық турнирде топ жарды
Фото: olympic.kz

Балуан қыз Эльмира Сыздықова Красноярскіде өтіп жатқан "Иван Ярыгин Гран-приі" халықаралық турнирінде топ жарды. Отандасымыз 76 килоға дейінгі салмақта чемпион атанды.

Эльмира финалда Беларусь спортшысы Ксения Дзибукты 15:4 есебімен ұтты. Жартылай финалда ресейлік Мария Силинаны таза жеңіп шыққан болатын.

29 жастағы қазақ қызы осыған дейін Азия чемпионы болған, 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Н. Үсенова
Logotype Massaget