Қазақстандық ауыратлеттер Олимпиадаға қатыса алмауы мүмкін

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатыстырылмауы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық антидопинг орталығының директоры Майра Бақашева "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында айта кетті. Басты себеп – допинг дауы. 

Бұл туралы бәрі айтып келеді, айтып та жатыр, федерацияның ең үлкен мәселесі де - осы. Қазір федерацияны белгілі бір уақытқа жарыстардан шеттету жайлы да сөз болуда, егер Париждегі Олимпиадаға дейін қолға алынатын болса, онда біздің спортшылар төртжылдықтың басты додасына қатыса алмауы мүмкін, - дейді маман. 

Айта кетейік, кейінгі уақытта қазақстандық ауыратлеттер қатарынан Арли Чонтей, Артем Антропов, Екатерина Алякина, Денис Полубояринов, Алина Колиушко, Алексей Чуркин және Нұрғиса Әділетұлы қанынан тыйым салынған зат табылған болатын. 

Жыл басынан бері 40-тан аса спортшы допинг дауына ілігіп, жарыстардан шеттетілген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!