Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай рекорд жаңартты

Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай рекорд жаңартты
Фото: ҰОК

Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандасымыз 88 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Нұржан Жұмабай қоссайыс қорытындысы бойынша 348 (155+193) келіні еңсерді. Сондай-ақ серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты.

Күміс медальді Эрик Гуадамуд (Испания) жеңіп алды - 344 (156+188) келі. Ал Хосе Мантилья (Мексика) үздік үштікті түйіндеді - 335 (151+184) келі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget