Астанада жасөспірімдер мен жастар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Турнир аясында 69 келіге дейінгі салмақта жасөспірім қыздар арасында сайыс өтті. Қазақстан құрамасы екі бірдей медальға ие болды:
- Қос сайыс нәтижесі бойынша 198 (87+111) келіні бағындырған Кира Данилова алтын медаль жеңіп алды.
- Софья Шальгина 175 (82+93) келі көтеріп, үшінші орынға табан тіреді.
Екінші орын өзбекстандық Динура Холдороваға бұйырды, оның көрсеткіші 186 (81+105) келі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова