Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық зілтемірші Артем Андропов күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Olympic.kz мәліметінше, 25 жастағы ауыр атлет қоссайыста 386 (165+221) келі нәтижесін көрсетті. Андропов түрікменстандық Дауранбек Хасанбаевты (377 – 182+195) басып озды, бірақ қытайлық Лу Хуаньхуадан (410 – 180+230) қалып қойды.
Артем Андропов Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медальді салды. Бұған дейін 73 келіге дейінгі салмақта Петр Хребтов қола медаль жеңіп алған еді.
Өткен жылы Артем Андропов 2023 жылғы дисквалификациясына байланысты жарыстарға қатыспағанын айтқан болатын.
Жақында ғана қазақстандық зілтемірші Бейбарыс Ерсейіт Перудің Лима қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет