Қазақстандық ауыр атлет Бейбарыс Ерсеит әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
30 сәуір мен 5 мамыр аралығында Перу астанасы Лима қаласында жасөспірімдер, юниорлар және қыздар арасында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты өтіп жатыр.
"61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бейбарыс Ерсеит 262 келі нәтижемен (екі жаттығудың қосындысы) алтын медаль жеңіп алды", - деп жазылған хабарламада.
Оның жарыста көрсеткен нәтижесі мынадай:
- Жұлқа көтеру – 117 келі (алтын)
- Серпе көтеру – 145 келі (күміс)
- Қос сайыс – 262 келі (алтын)
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова