Қазақстандық ауыр атлет ӘЧ алтынын жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлет ӘЧ алтынын жеңіп алды
Фото: IWF

Қазақстандық ауыр атлет Никита Әбдірахманов Мексикада өтіп жатқан жасөспірімдер арасында әлем біріншілігінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 348 келіні (157+191) бағындырды.

Күміс медаль Өзбекстаннан келген Кудратбек Салимжоновқа бұйырды. Ол 327 (156+171) келі көтерді. Үздік үштікті түркиялық Баки Кетмет 259 келі (132+163) түйіндеді.

Осылайша, Әбдірахманов құрама қоржынына төртінші алтынды салды. Осыған дейін Денис Полубояринов (81 келі), Едіге Емберді (73 келі) және Ерасыл Сәулебеков (67 келі) жеңіс тұғырының биік сатысына көтерілген еді.

М. Жәмішжанов