Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігінде чемпион атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оған тең келер ешкім болмады.
Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 376 (163+213) келі көтеріп, жарыста топ жарды. Сондай-ақ, серпе көтеру сайысында Азия рекордын жаңартты.
Екінші орында өзбекстандық Руслан Рахматжонов тұр: 345 (155+190) келі. Үшінші орынды Бахрейн өкілі Джон Мурилло иеленді: 334 (154+180) келі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова