Қазақстандық атлет АЧ жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық атлет АЧ жүлдесін жеңіп алды
Фото: ©ҚР ҰОК

Қазақстан ауыр атлетикадан Цзяншань (Қытай) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жалпы есепте үшінші орын алған Пётр Хребтов қола жүлдегер атанды. Ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Қос сайыс қорытындысы бойынша қазақстандық зілтемірші 333 (146+187) келі салмақты еңсерді.

Бірінші орынды Индонезия өкілі Абдулла Рамат Ервин 360 (155+205) келімен иеленсе, екінші орынға қытайлық У Хайфен 334 (145+189) келімен жайғасты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget