Кеңестік және қазақстандық атақты боксшы, КСРО чемпионы, ҚазКСР және Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Болат Теміров дүниеден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
Ол небәрі 53 жаста еді.
Болат Бисенұлы 1992 жылғы Олимпиадаға, бірнеше рет әлем чемпионаттарына қатысты. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін алғашқы жылдары ұлттық құрама капитаны болды. Бокстағы мансабын аяқтағаннан кейін бизнеспен айналысып, ҚБФ бас хатшысы қызметін атқарды, Атырау облысының құрметті азаматы болды.
"Қазақстан бокс федерациясы және еліміздің барша бокс қауымдастығы Болат Бисенұлы Теміровтің отбасына қайғыға ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!