Қазақстандық актер ММА-да дебют жасап, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

Қазақстандық танымал актер Асылхан Төлепов ММА-дағы дебютін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол Алматыда өткен "Октагон 37" турнирінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы әзербайжандық Махарам Ахмедов болды. Төлепов жоспарланған үштіктің бірінші кезеңінде жеңіске жетті.

Айта кетейік, 30 жастағы актер "Жаужүрек мың бала", "Томирис", "Балалық шағымның аспаны", "Финансист" және басқа да фильмдерге түсті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!