Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар ресейлік спортшыны 25 секундта нокаутқа жіберді

Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар ресейлік спортшыны 25 секундта нокаутқа жіберді
Фото: © instagram/erkebulan_toktar

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық актер және күрескер Еркебұлан Тоқтар Алматыда өткен OCTAGON 50 турнирінде жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның қарсыласы 22-21 рекордымен белгілі Ресейлік Константин Чередниченко. Жекпе-жек бірінші раундтың 25-ші секундтында қазақстандықтың пайдасына нокаутпен аяқталды. Бейнежазбада көрсетілгендей, қарсылас асқазанға соққы тигеннен кейін ауырсынуын баса алмай жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от OCTAGON (@octagonleague)

Сонымен қатар, актердің әлеуметтік желідегі жанкүйерлері мұндай жеңіске наразы болды. Олар өз талаптарын Еркебұланның Instagram парақшасында білдірді.

"Оған ұят емес пе?"

"Сәл мықтылармен шықсаңшы".

"Еркебұланға мына жекпе-жегі ұнамай қалды?"

"Көшедегі біреуді кіргізе салған ба?"

"Сатылғанға ұқсап тұр".

Еркебұлан Тоқтар "Замандастар" телехикаясының, "Бишарашки" фильмінің және басқа да көптеген картиналардың басты жұлдызы. 2017 жылы ол ZOR фильміндегі алғашқы басты рөлін сомдады. Бұған дейін фильмдерді түсіруге сахналық актер ретінде қатысып, эпизодтық рөлдерді сомдаған.

ММА-да актер 6 жеңіске жетіп, 3 жеңіліске ұшырады. Соңғы рет осы жылдың сәуір айында Алматыда өткен OCTAGON 44 турнирінде өнер көрсетті. Ол жекпе жегінде Еркебұлан 21 жастағы ирандық Паям Назариге тұншықтыру әдісімен жеңіліп қалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов