Қазақстандағы ең сұлу боксшы Балауса Мұздыман 30 қыркүйекте Алматыда өтетін "Қайрат" пен "Реал" арасындағы ойынға болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Мұздыманның бейнежазбасы жарияланды. Онда боксшы "Қайрат" клубы "Реалды" 5:0 есебімен жеңеді деп сенімді түрде айтады.
"Қайрат" өз алаңында "Реалды" 5:0 есебімен жеңеді. Үлкен сенім мен қолдаудың арқасында "Қайрат" еш қиындықсыз жеңіске жетеді. Бұған мен кәміл сенемін, есте сақтаңыздар. "Аргентина – Ямайка – 5:0", сол сияқты "Қайрат" та Алматыда "Реалды" 5:0 есебімен ұтады", - деді спортшы қыз Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, "Қайрат" пен "Реал" арасындағы ойын 30 қыркүйекте 21:45-те басталады. Матчтің билеті алдын-ала толық сатылып кетті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!