Қазақстандағы басты стадионның жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Қазақстандағы басты стадионның жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқталатынына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Редакция сауалына әкімдік берген мәлімет бойынша стадион 2024 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

"Жасанды көгалдарды жылыту және суару жүйесімен ауыстыру жұмыстары басталды", - деді қала әкімшілік өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина
Logotype Massaget