Қазақстанда спорттың басым түрлері анықталды

Қазақстанда спорттың басым түрлері анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл сәуірде Мемлекет басшысы қол қойған "Дене шынықтыру және спорт туралы" ҚР заңына бірқатар түзету енгізілген. Негізгі жаңалықтардың бірі - спорттың 46 басым түрін анықтау. Бұл туралы туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл тізімге Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Параазия ойындарының бағдарламаларына кіретін, сондай-ақ, Азия және Параазия ойындарында ұсынылған олимпиадалық емес спорт түрлері және ұлттық спорт түрлері енгізілген.

"Қабылданған шаралар Қазақстанның спорттағы нәтижелерін арттыруға мүмкіндік береді", - деді ол.

Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлері басым спорт түрлерімен теңестірілген. Қазір елімізде мұндай 11 ұлттық спорт түрі бар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз