Туризм және спорт министрлігі қазақстандық спортшыларға ірі халықаралық турнирлердегі жеңістер мен жүлделі орындар үшін берілетін қаржылай сыйақы мөлшерін бекітті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олимпиада ойындары
Ең үлкен сыйақы Олимпиада медальдарына қарастырылған:
Жаттықтырушыларға сыйақы
Спортшылардың бапкерлері де сыйақы алады. Нәтижеге байланысты оларға 500-ден 1500 АЕК-ке дейін (1 966 000 – 5 898 000 теңге) төленеді.
Әлем және Азия чемпионаттары
Бірыңғай стандарт
Енді барлық сыйақылар АЕК мөлшеріне байланысты есептеледі. Яғни, айлық есептік көрсеткіш жыл сайын өзгерген сайын, сыйақы көлемі де соған қарай түзетіледі.
Бұған дейін министрлік Харбинде өткен Қысқы Азия ойындарында медаль жеңіп алған спортшылар мен бапкерлерге сыйақы төленгенін хабарлаған еді. Ведомствоның дерегінше, барлығы 85 спортшы мен 32 жаттықтырушыға 372,6 миллион теңге берілген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз