Лондонда (Ұлыбритания) үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы матчтарын өткізді. Ерлер құрамасы Түркияны жеңсе, әйелдер құрамасы Бразилияға есе жіберді.
Қазақстан ерлер құрамасы келесі матчын бүгін Мысырға қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 23:30-да басталады. Ал Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Моңғолиямен ойнайды. Матч Астана уақытымен 21:00-де басталады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!