Лондонда (Ұлыбритания) үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы матчтарын өткізді. Ерлер құрамасы Түркияны жеңсе, әйелдер құрамасы Бразилияға есе жіберді.
Ерлер (11-топ)
- Қазақстан - Түркия 3:1
Әйелдер (5-топ)
- Қазақстан - Бразилия 1:3
Қазақстан ерлер құрамасы келесі матчын бүгін Мысырға қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 23:30-да басталады. Ал Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Моңғолиямен ойнайды. Матч Астана уақытымен 21:00-де басталады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова