Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван’т Шкип қарашада өтетін УЕФА ұлттар лигасы аясындағы Молдова және Словакия құрамаларына қарсы матчтерге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Құраманың кеңейтілген тізіміне 38 футболшы енді.
- Қақпашылар: Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Александр Заруцкий ("Ақтөбе"), Стас Покатилов ("Сабах", Әзербайжан).
- Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов, Арсен Әшірбек (екеуі де "Елімай"), Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де "Астана"), Сергей Малый ("Ордабасы"), Дамир Қасаболат, Александр Широбоков, Александр Мрынский, Еркін Тапалов (барлығы "Қайрат"), Темірлан Ерланов ("Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Санжар Сатанов ("Атырау"), Владислав Васильев ("Оқжетпес"), Наурызбек Жагоров ("Тобыл").
- Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Төлібай (екеуі де "Елімай"), Айбол Әбікен ("Қызылжар"), Георгий Жуков ("Ақтөбе"), Исламбек Қуат ("Жеңіс"), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман, Станислав Басманов (барлығы "Астана"), Әбинұр Нұрымбет, Жасұлан Әмір, Эльхан Астанов (барлығы "Ордабасы").
- Шабуылшылар: Ислам Чесноков ("Крылья Советов", Ресей), Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев (екеуі де "Қайрат"), Дастан Сәтбаев ("Бернли", Англия), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де "Ахмат", Ресей), Артур Шушеначев ("Ақтөбе"), Рамазан Кәрімов ("Астана"), Артем Литош ("Шахтер").
Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА ұлттар лигасы аясында 13 қарашада сырт алаңда Молдова құрамасына қарсы ойнаса, 16 қарашада Астанада Словакияны қабылдайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова