Қазақстан таеквондо федерациясының да басшылығы қызметінен кетті

Қазақстан таеквондо федерациясының да басшылығы қызметінен кетті
Фото: olympic.kz

Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким қызметінен кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Париж Олимпиадасында қазақстандық таеквондошылар жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.  

Федерация басшысымен бірге вице-президенттер Қанат Сағынаев, Шадияр Кондыбаев, Арман Шылманов және бас хатшы Олжас Бесбаев та қызметтерінен кетеді.

Айта кетеіік, бұған дейін Қазақстан бокс федерациясы бапкерлер құрамын таратқан еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget