Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Шешуші матчта ұлттық құрама Оңтүстік Корея командасымен кездесті.
Жағажай Азиадасындағы соңғы ойында қазақстандық спортшылар қарсыласын 3:0 есебімен ұтты (4:2, 2:1, 3:2). Осы жеңістің арқасында команда қола медальға қол жеткізді.
Жағажайдағы Азия ойындарында ел намысын Темірлан Балфанбаев, Сұлтан Шонжігітов, Мұрат Шәкенов, Эдуард Цой, Руслан Ахметов, Александр Еремин және Алдияр Әкімбай қорғады.
Айта кетейік, осылайша Қазақстан қоржынындағы жүлде саны жетіге жетті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!