Қазақстан - Словакия: ойынды қашан және қай жерден көруге болады?

Қазақстан - Словакия: ойынды қашан және қай жерден көруге болады?
Фото: ҚФФ

Дүйсенбі, 16 қарашада футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының алтыншы турында Словакиямен кездеседі. Ойын "Астана Арена" стадионында өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл кездесу Қазақстан құрамасы үшін Ұлттар лигасының биылғы маусымындағы топтық кезеңнің соңғы ойыны болмақ.

Джон ван ’т Схип жаттықтыратын Қазақстан құрамасы өз тобында көш бастап, В дивизионына жолдаманы алдын ала жеңіп алған Словакияны қабылдайды. Бұған дейін екі құрама Кошице қаласында кездесіп, словактар 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы өткен турда сырт алаңда Молдовадан 1:2 есебімен жеңілді. Ал Словакия өз алаңында Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түсіп, тосын жерден ұпай жоғалтты.

Осылайша Қазақстан құрамасы В дивизионына көтерілу мүмкіндігінен айырылды. Дегенмен ұлттық құрама С дивизионындағы орнын сақтап қалатыны белгілі болды.

Алтыншы тур алдындағы турнир кестесі

  1. Словакия - 11 ұпай.
  2. Молдова - 7 ұпай.
  3. Фарер аралдары - 5 ұпай.
  4. Қазақстан — 2 ұпай.

Казахстан в Лиге нацийСкриншот: flashscorekz.com

Қазақстан - Словакия: тікелей трансляция

Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Кездесуді телеарнаның ресми сайтынан да көруге болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget