Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде алтын жеңіп алды

Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде алтын жеңіп алды
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы шорт-тректен Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде бірінші орын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандастарымыз аралас командалық эстафетада жеңіске жетті.

Оңтүстік Корея екінші орынға ие болса, ал үздік үштікті Қытай құрамасы түйіндеді.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының екінші кезеңі Астанада 13-15 қараша аралығында "Алау" мұз сарайында өтіп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget