Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Қазақстан және Сан-Марино құрамалары арасында өтетін ойынның төрешілері анықталды. 17 қараша күні "Астана Аренада" өтетін маңызды матчқа Австрия төрешісі Харальд Лехнер қазылық жасайды.
Ойында Лехнерге отандастары Андреас Хайндрайх пен Штефан Пихлер көмектеседі, төртінші төреші – Себастьян Гисхамер.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 8 ойыннан кейін "Н" тобында 15 ұпаймен 3-орында келеді. Сан-Маринодан кейін 20 қараша күні сырт алаңда Словениямен кездеседі.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!