Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат футболшылар рейтингі жаңарды

Transfermarkt порталы Қазақстан Премьер-лигасындағы футболшылардың құнын жаңартты. Жаңартудан кейін нарықтық құны ең көп өскен ойыншылардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Massaget.kz. 

Рейтинг көшін "Ордабасы" командасының ойыншысы Жасұлан Әмір бастап тұр. Оның құны 2 миллион еуроға өскен. Қазіргі құны 2,5 миллион еуроны құрады. 

Екінші орынға "Астана" ойыншысы Иван Башич орналасқан. Оның құны 1 млн еуроға артып, 2,5 млн еуроға жетті. Осылайша, Әмір мен Башичтің жаңа құны тең болды.

Үздік үштікті "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков түйіндеп тұр. Оның құны 0,4 млн еуроға өсіп, 1,2 млн еуро болды.

Қымбат ойыншылар рейтингіне биыл чемпион болған "Ордабасыдан" бес бірдей ойыншы енген.

Үздік ондық:

1. Жасұлан Әмір ("Ордабасы"): +2 млн €, жаңа құны 2,5 млн €
2. Иван Башич ("Астана"): +1 млн €, жаңа құны 2,5 млн €
3. Темірлан Анарбеков ("Қайрат"): +0,4 млн €, жаңа құны 1,2 млн €
4. Исмаил Бекболат ("Қайрат"): +0,4 млн €, жаңа құны 600 мың €
5. Азамат Тұяқбаев ("Қайрат"): +0,35 млн €, жаңа құны 750 мың €
6. Давид Абагна ("Ордабасы"): +0,3 млн €, жаңа құны 1 млн €
7. Эльхан Астанов ("Ордабасы"): +0,3 млн €, жаңа құны 900 мың €
8. Урош Милованович ("Тобыл"): +0,3 млн €, жаңа құны 700 мың €
9. Лео Нател ("Ордабасы"): +0,3 млн €, жаңа құны 700 мың €
10. Ги-Марселин Килама ("Ордабасы"): +0,2 млн €, жаңа құны 1,2 млн €