Қазақстан Парижге 51-жолдаманы жеңіп алды

Қазақстан Парижге 51-жолдаманы жеңіп алды
Фото: Olympic.kz

Қазақстан құрамасы велотректен Париж Олимпиадасының 1 жолдамасына ие болды, деп хабарлайды ҚР Спортты дамыту дирекциясы.

Бұл лицензия жеке спортшының өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі. Бұл ел қоржынына түскен 51-жолдама екенін айта кетейік. Қазақстан атынан баратын спортшы кейрин және спринт дисциплинасында бақ сынай алады.

Еске салайық, осыған дейін 50-ші жолдаманы көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкентте өткен Азия чемпионатында жеңіп алған болатын.

Биылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде-11 тамызы аралығында өтеді.

Manas
Logotype Massaget