Gracenote сараптамалық агенттігі Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына арналған жаңа болжамын жариялады. Қазақстан құрамасы 11 медаль ұтып, жалпыкомандалық есепте 23-орын алады деп болжаған.
Статистикалық агенттік ақпараты бойынша қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс, 8 қола медаль еншілейді деп көрсеткен. Шілде айындағы алғашқы болжамдарында 3 алтын, 4 күміс, 4 қола алады топшылаған еді.
Агенттік болжам жасауда спортшылардың ірі халықаралық турнирлердегі көрсеткіштері мен жетістіктерін назарға алады.
Жалпы медаль саны бойынша АҚШ спортшылары алда болады деп болжауда. Олар 38 алтын, 44 күміс, 45 қола алып, ұзын саны 127 медальмен бірінші орын алады деп отыр. Одан кейінгі орындарға Қытай мен Ұлыбритания елдері орналасқан. Рейтингке Ресей мен Беларусь мемлекеттері енбеген.
Париж Олимпиадасы 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді. 32 спорт түрінен 329 медаль сарапқа салынады.
Қазіргі таңда Қазақстаннан 10 спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!