Қазақстандық олимпиадашылар ресейлік спортшылармен тәжірибе алмасу үшін Мәскеуге келді. Делегацияның құрамында ауыр атлет Илья Ильин мен оның жаттықтырушысы Тойшан Бектеміров, жеңіл атлет Ольга Рыпакова, палуан Ақжүрек Таңатаров бар.
Кездесу аясында Лондондағы олимпиаданың ресейлік жүлдегерлерімен және мемлекеттік құрылымдардың басшылығымен кездесулер жоспарланған. Елдегі басты спорттық нысандарға бару, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 20 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысу күтілуде.
Бірінші күні біздің спортшыларымыз РФ Спорт министрінің орынбасары Павел Колобковпен кездесу өткізді.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: vesti.kz