Мысырдың Каир қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жарыс аясында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды.
50 метрден мылтықпен жатып ату сайысында Олег Носков топ жарды.
Сондай-ақ, 25 метрден тапаншамен атудан Кирилл Цуканов жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.
Айта кетейік, Әлем кубогы 27 сәуірге дейін жалғасады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!