- Негізгі бет
- Спорт
- Қазақстан ММА бойынша...
Қазақстан ММА бойынша жастар арасындағы Еуропа чемпионатында екі алтын медаль иеленді
Қазақстан Қазанда өткен жасөспірімдер арасындағы ММА бойынша Еуропа чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды.
52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Ерсұлтан Шәкенбай ресейлік Иван Веретенниковты айқын басымдықпен жеңді.
Ал 77 келіге дейінгі салмақта Қазақстанның екі өкілі Данил Губин мен Досжан Кенбаев финалда кездесті. Төрешілердің шешімі бойынша алтын медаль Губинге бұйырды.
Бұл ретте Үкілай Ахметуәлиқызы (56 келіге дейін), Абай Джалал (61 келіге дейін) мен Дәулет Молдаш (120 келіден жоғары) финалға шығып, күміс медальмен шектелді.
Турнир нәтижесінде Қазақстан турнир қожайындары – ресейліктерден ғана ұтылып, медальдар саны бойынша екінші орынды иеленді.
Т. Раушанұлы