Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
U23 жас санатында әйелдер арасында финалдағы жекпе-жектер аяқталды. Нәтижесінде боксшылар үш алтын және үш күміс жүлдеге қол жеткізді:
- 48 келіге дейінгі салмақта Гүлназ Бөрібаева ақтық сында Содон-Од Биндериядан (Моңғолия) басым түсті.
- 70 келіге дейінгі салмақта Азиза Исина финалда Өзбекстан өкілі Райхона Курбонбоеваны жеңді.
- 75 келіге дейінгі салмақта Шұғыла Нәлібай үндістандық Мусканды тізе бүктірді.
- Ал Анита Адишева 51 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Гулсевар Ганиеваға жол берді.
- Ұлжан Сәрсенбек 57 келіге дейінгі салмақта Хуморабону Мамажоноваға есе жіберді.
- Құралай Егінбайқызы 80 келіге дейінгі салмақта финалда Рухшона Парпиевадан (Өзбекстан) жеңіліп қалды.
Осылайша, ұлттық құрама еншісінде үш алтын, үш күміс және үш қола медаль бар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз