Қазақстан Қытайдағы турнирде төрт медаль жеңіп алды

Қазақстан Қытайдағы турнирде төрт медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Қытайдың Цитайхэ қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ұлттық құрама бұл жарыста төрт жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық спортшылар ерлер және әйелдер эстафеталарында екі рет күміс медаль иеленді.

Сондай-ақ, Алина Галечина 1500 метрде, Қазақстан құрамасы аралас эстафетада үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, турнир 23 қаңтарда аяқталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget