Қазақстан қысқы Универсиаданы қай орынмен аяқтады?

Қазақстан қысқы Универсиаданы қай орынмен аяқтады?
Фото: ©instagram.com/lakeplacid2023

Лейк-Плэсидегі (АҚШ) қысқы Универсиада ойындары аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы 11 медальмен жалпыкомандалық есепте 11-орынға тұрақтады.

Қазақстандық спортшылар 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль еншіледі.

Жалпыкомандалық есепте Жапония құрамасы көш бастады. Барлығы 48 медаль (21-17-10) ұтып, үздік шықты. Оңтүстік Корея 29 медальмен (12-8-9) екінші орынды алса, үштікті Канада спортшылары 13 медальмен (6-1-6) қорытындылады.

Қазақстан құрамасы сапында биатлоншылар Бекентай Тұрлыбеков пен Вадим Куралес, шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша Данил Васильев алтын алды. Күмісті биатлоншы Александр Мухин, командалық сайыста тұғырдан секіру спорты бойынша Данил Васильев пен Сергей Ткаченко, шорт-тректен командалық аралас жарыс бойынша (Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжғалиева, Алишер Абулкатимов, Адиль Галиахметов және Еркебұлан Шамуханов) және ерлер құрамасы (Санжар Жанисов, Антон Хван, Әлішер Абулкатимоов, Адиль Галиахметов, Еркебұлан Шамуханов және Валерий Клименко) еншіледі. Биатлоншы Александр Мухин, шаңғышы Ксения Шалыгина, шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы (Айша Ракишева, Надежда Степашкина және Ксения Шалыгина) және хоккейден ұлттық құрама қола жүлдеге қол жеткізді.

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Н. Үсенова