Қазақстан күрес түрлерінен әлем чемпионатын қалай аяқтады?

Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатындағы әлем чемпионаты аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының қоржынына жалғыз алтын медальді грек-рим күресінің өкілі Қазыбек Қалмағамбетов (67 келіге дейін) салды.

Еркін күрестен Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болса, Нұрасыл Асамбек (57 келіге дейін) және Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін) қола медаль алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!