Қазақстандық спортшылардың XXV қысқы Олимпиада ойындарына арналған киім-кешек жиынтығы 22 атаудан тұрады. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Комиссия спорттық киім-кешектің эскизін бекіткен, қазір ол Халықаралық Олимпиада комитетімен келісіліп жатыр.
Киім-кешек жиынтығына спортшылардың ашылу, жабылу салтанатына қатысуға арналған киім формасы, спорттық іс-шара кезінде пайдалануға арналған жылы сырт киім кіреді. Сондай-ақ, спорттық жаттығуларға, дене қыздыруға арналған киімдер және күнделікті киімдер кіреді.
PrimeMinister_kz
"Форма бюджеттен тыс қаражат есебінен сатып алынды", - деді Ербол Мырзабосынов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова