Қазақстан құрамасының көшбасшылары “Қайраттан“ кете ме?

Қазақстан құрамасының көшбасшылары “Қайраттан“ кете ме?
Фото: ҚФФ

"Қайрат" АФК негізгі ойыншылар Біржан Оразов пен Дәурен Тұрсағұловпен келісімшартты ұзарту жөнінде келісімге келе алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екі футболшының да келісімшарттары 2025/26 маусымының аяғына дейін есептелген. Ойыншылар мансабын Алматыда жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды, алайда бұдан да жақсы шарт күтіп жүр. Қазір тараптар ымыраға келе алмай отыр.

Futsalkazakhstan мәліметінше, Оразов пен Тұрсағұловқа Ресейдің екі клубы қызығушылық танытып отыр. Солардың бірі былтыр "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Пауло Рикардо Кака тізгінін ұстаған "ИрАэро" клубы болуы мүмкін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget