- Негізгі бет
- Спорт
- Қазақстан құрамасының қарсыласы...
Қазақстан құрамасының қарсыласы Франциямен тең ойнады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Ұлттар лигасы плей-офф кезеңіндегі қарсыласы атанған Грекия құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуді аяқтады. Олар топтық кезеңдегі соңғы ойында Франция құрамасымен тең түсті.
Афинадағы OPAP Arena стадионында өткен ойында 2:2 есебі тіркелді. Гректер сапынан Тасос Бакасетас (56-минут) пен Фотис Яннидис (62-минут) гол соқса, Франция құрамасы қатарынан Рандаль Коло-Муани (42-минут) мен Юссуф Фофана (74-мин) көзге түсті.
"В" тобында 22 ұпай жинаған Франция құрамасы бірінші орын алса, 13 ұпай еншілеген гректер үшінші орында қалды. Олар үшін де Еуропа чемпионатына шығатын тағы бір мүмкіндік бар. Ол – Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі. Дәл осы плей-оффта Грекия құрамасы Қазақстанмен ойнайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай