- Негізгі бет
- Спорт
- Қазақстан құрамасының футболшылары...
Қазақстан құрамасының футболшылары қандай көлік тізгіндейді?
"Соқкер" YouTube арнасы қазақ футболшылары мен комментаторлары қандай көлік мінетіні жайлы ақпарат жариялады. Ең қымбат көлікті ұлттық құрама ойыншылары Сергей Малый мен Темірлан Ерланов тізгіндейді екен. Олардың таңдауы BMW X7 автокөлігіне түскен.
"Магомед Адиев ұлттық құрама жаттықтырушысы атанғанда таксимен, арасында қоғамдық көлікпен жүрген. Мұны көрген Қазақстан футбол федерациясының президенті оған құны 70 миллион теңгені құрайтын Mercedes көлігін сыйға тартқан. Ал ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген төрт көлікпен жүреді екен. Астанада BMW X6, Шымкентте Toyota Camry 75 айдаса, үй шаруалары үшін Li L9 көлігі бар, жол мен жаттығулары үшін "Ордабасы" командасының автобусымен қатынайды," - деп мәлімдейді.
Қазақстан құрамасы ойыншылары мінетін автокөліктер:
1-2. Сергей Малый ("Ордабасы") – BMW X7 - 80 миллион теңге.
1-2. Темирлан Ерланов ("Ордабасы") - BMW X7 - 80 миллион теңге.
3. Абзал Бейсебеков ("Астана") - Lexus 570 - 68 миллион теңге.
4. Асхат Тағыберген ("Ордабасы") - BMW X6 - 50 миллион теңге, Li L9 - 35 миллион теңге, Toyota Camry 75 - 17 миллион теңге.
5. Бауыржан Исламхан ("Ордабасы") - Toyota Highlander - 38 миллион теңге.
6. Александр Марочкин ("Ордабасы") - Mercedes S-класс - 30 миллион теңге.
7. Игорь Шацкий ("Ақтөбе") - Kia Sportage - 15 миллион теңге.
8. Багдат Каиров ("Ақтөбе") - Toyota Camry 55 - 11 миллион теңге.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай