7 мамырда хоккейден Қазақстан құрамасы бірінші дивизиондағы 2026 жылғы әлем чемпионатында төртінші матчін өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық құраманың қарсыласы Украина командасы болмақ. Матч Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де Сосновец қаласында (Польша) басталады.
Трансляция Қазақстан уақытымен 18:50-де басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен, сондай-ақ Қазақстан хоккей федерациясының сайтында тікелей эфирде көруге болады.
Украинаны негізгі уақытта жеңген жағдайда, Қазақстан құрамасы Франциямен өтетін матчтің нәтижесіне қарамастан, турнирдегі бірінші орынды иеленуге кепілдік береді.
Еске салайық, турнирдің Литва командасына қарсы алғашқы матчінде Қазақстан құрамасы екі кезең бойы 0:1 есебімен ұтылып жатып, ойын барысын өзгерте алды және ірі есеппен жеңіске жетті (4:1).
Екінші кездесуде қазақстандықтар бұдан да сенімді жеңіске жетті — жапондықтар бірде-бір шайба соға алмады, ал Жайлауов командасы 6:0 есебімен басым түсті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!