Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы 54 жасында өмірден өтті

"Астана" футбол орталығының жаттықтырушысы әрі футбол және футзалдан Қазақстан ұлттық құрамаларының бұрынғы ойыншысы Александр Лисин 55 жасына қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаттықтырушының қазасына не себеп болғаны ресми түрде жарияланған жоқ, бірақ БАҚ жүрек ауруы себеп болуы мүмкін екенін жазды.

Ол мансабын "Целинникте" бастап, кейін "Жеңіс" пен "Наша компания" сапында ойнаған. 1994 жылы ұлттық құрамаға шақырту алып, ел намысын төрт кездесуде қорғаған.

Футболдағы мансабын аяқтаған соң біраз уақыт футзалда ойнап, бұл спорт түрінен де ұлттық құрама деңгейіне дейін көтерілген. Ол кейін бапкерлікке ауысып, "Астана" ФК-ның жастарды тәрбиелейтін мамандар тобына қосылған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!