Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Италияда жүлдеге қол жеткізді

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының спортшылары Сарвиноз Миркадирова мен Ескендір Харки Италияның Парма қаласында өткен халықаралық WTT Feeder Parma турнирінде үшінші орын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшылар аралас жұптық сын бойынша қола медаль жеңіп алды:

1/8 финал:

  • Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова - Нандан Нареш / Лилу Массарт (АҚШ/Бельгия) - 3:2

Ширек финал:

  • Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова - Хармит Десаи / Криттвика Рой (Үндістан) - 3:2

Жартылай финал:

  • Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова - Чо Сынмин / Ю Сиу (Корея) - 0:3

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!