Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының спортшылары Сарвиноз Миркадирова мен Ескендір Харки Италияның Парма қаласында өткен халықаралық WTT Feeder Parma турнирінде үшінші орын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшылар аралас жұптық сын бойынша қола медаль жеңіп алды:
1/8 финал:
- Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова - Нандан Нареш / Лилу Массарт (АҚШ/Бельгия) - 3:2
Ширек финал:
- Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова - Хармит Десаи / Криттвика Рой (Үндістан) - 3:2
Жартылай финал:
- Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова - Чо Сынмин / Ю Сиу (Корея) - 0:3
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова