5 қыркүйекте Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында әлемдік гран-при кезеңі басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Байрақты бәсекеде ел намысын алты спортшы қорғайды.
Ерлер арасында Дамир Шүленов пен Ергеш Бекасыл жүлдеге таласса, әйелдер арасында Айдана Құмартаева, Нодира Ахмедова, Мария Севостьянова, Нұрай Хусаинова өнер көрсетеді.
Айта кетейік, гран-при кезеңі 7 қыркүйекте аяқталады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова