Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогында топ жарды

Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогында топ жарды
Фото: olympic.kz

Садақ атудан Ирактың Сүлеймания қаласында өтіп жатқан Азия кубогында Қазақстан құрамасы командалық сайыста алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Massaget.kz. 

Отандастарымыз финалда Бангладеш құрамасымен кездесіп, 230:224 есебімен басым түсті.

Ұлттық құрама сапында Никита Ивлев, Павел Кузнецов, Ислам Серікұлы өнер көрсетті.

Айта кетейік, Азия кубогы 29 қазанда аяқталады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай
Logotype Massaget